27 қаң, 2021 сағат 09:32

Ауа райы: Қаңтардың соңғы күндері қандай болады?

Қазақстан бойынша 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Алдағы үш күнде ел аумағы циклондардың ықпалында болады. Бірінші күні антициклон елдің барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райын сақтап тұрады. Күн ашық болады.

Ал 29 қаңтардан бастап Солтүстік-батыс циклон батыс аймақтарға, ал 30 қаңтардан бастап Оңтүстік циклон оңтүстіктегі облыстарға әсер ете бастайды. Олардың ықпалымен жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ температура айтарлықтай артады.