Қазақстанның бес аймағында ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитеті.
5 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының көп бөлігінде қар жауады, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі.
ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа райының өзгерістерін қалт жібермей, метерологиялық ескертулер мен смс-хабарламаларға назар салып отыру керектігін ескертеді.
Автокөлік жүргізушілеріне жылдамдықты азайтып, алыс сапарларды кейінге қалдыра тұрған жөн.
«Төтенше жағдайға тап болсаңыз, «112» бірыңғай қызмет көрсету нөміріне хабарласыңыз» деп мәлім етті комитеттен.