06 қаң, 2021 сағат 10:23

Ауа райы: Алдағы үш күнде аяз болады

Синоптиктер Қазақстандағы 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыдай антициклон сілемі ықпал етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек батыста, кезеңнің соңында, елдің солтүстік-батысында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаяу бұрқасын соғып, қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, батыста жел күшеюі ықтимал», делінген хабарламада.