20 мам, 2019 сағат 11:31

Ауа райы: Алдағы үш күн елімізде жаңбырлы болады

Синоптиктер 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ жауады. Сонымен бірге жылдамдығы секундына 15-25 метр жел соғып, суытады.

«Бұл метеорологиялық құбылыстар алдымен полярлық, артынша арктикалық суық ағындардың өтуіне байланысты болады. Еліміздің батыс өңірлеріне Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан антициклон жылжып кеелді. Елімізді басып өткен антициклон көшуінің соңында солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын тыйылады», делінген хабарламада.