13 қаң, 2021 сағат 14:50

Ауа райы: 4 облыста ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының құбылуына байланысты 4 облыста ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Орал қаласында 14 қаңтар күні тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 18 м/с.

Түнде 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендейді.

14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендейді.

Петропавл қаласында түнде 14 қаңтарда ауа температурасы 35-37 градусқа дейін төмендейді.

14 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Қызылорда қаласында 14 қаңтарда күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.