29 сәу, 2020 сағат 11:53

Атырауда жүкті келіншек коронавирустан айықты

Атырау облысында короновирус инфекциясынан айыққандар саны 60-қа жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

23 жастағы жергілікті тұрғында коронавирус инфекциясына бақылау сынамасы теріс нәтиже көрсетті.

Алайда, жүкті әйел «пневмония» диагнозымен жұқпалы аурулар стационарынан облыстық ауруханаға ауыстырылды. 

«Болашақ ана мен баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Сол себепті әйел инфекциялық стационардың жанынан тиісті ем қабылдайды»,- деп түсіндірді жедел штаб. 

Бүгінде Атырау облысында қауіпті індетті жұқтырғандар саны - 131.