Атырауда кеше түсте жоғалып кеткен бір жастан асқан кішкене баланы іздеуге 400-ге жуық ерікті қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Кеше түсте жоғалған бала әлі табылмай жатыр. Балақайды іздестіру түнімен жауған жаңбырға қарамастан тоқтаған жоқ.
«Бүгін, 21 мамырда жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:30-да көмекке 400-ге жуық ерікті келді. Сондай-ақ, іздестіру жұмысына Ұлттық ұланның 50 сарбазы, полицияның 100-ден астам қызметкері, 50 волонтер жұмылдырылды. Олар «Жұлдыз» шағынауданындағы 51 көшені жан-жақты тексеруге кірісті», - деп облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жедел іздестірудің өзге де нұсқасын қолға алыған. Шағынаудан аумағындағы кәріз құдықтары, маңындағы барлық нысандар тексеріліп жатыр.