#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

Атырауда театр тарландарына арналған композиция қойылды

  • 25.05.2020
  • 0
  • 288

Атырауда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдына Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің, КСРО халық әртістері Хадиша Бөкеева мен Сәбира Майқанованың, Қазақ КСР халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің композициялық ескерткіші қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Театр директоры Берік Жәменовтің айтуынша, ашық алаңдағы композиция «Шығармашылық әңгіме» деп аталады. Бұл композицияны алматылық склупьтор Гүлфия Мелдеш жасаған. 

«Біз халық әртістерінің атын ел есінде сақтауымыз қажет. Өйткені, олар – отандық кинематография мен театр өнерінің бастауында тұрған қайталанбас өнер тарландары. Оларды аға буын жақсы біледі. Алайда, кейінгі буын үшін олардың еңбегі тарихқа айналып барады», - дейді Берік Жәменов. 

Бұл композицияны орнату идеясы өткен жылы туындаған. Идеяны іске асыру үшін Атырауда қойылған бірнеше скульпторлық мүсіннің авторы Гүлфия Мелдешке ұсыныс жасалған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар