30 мау, 2020 сағат 10:51

Атырауда коронавирусты қала тұрғындары жиі жұқтырып жатыр

Атырауда коронавирус инфекциясы қала тұрғындарынан көбірек анықталып жатыр, – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Атап айтқанда, өткен тәулікте қауіпті індеттің белгісі 23 тұрғыннан табылған.

«Науқастардың арасында Атырау қаласының 21 тұрғыны бар. Оның 12-сі – ер, тоғызы – әйел. Скринингтен өту және ЖРВИ клиникалық симптомымен медициналық көмекке жүгіну кезінде науқастардан коронавирус инфекциясының белгісі табылған. Сондай-ақ, Жылыой ауданының 2 тұрғыны да індет жұқтырған» делінген хабарламада.

Қазір індетті жұқтырғандар инфекциялық ауруханаға жатқызылып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ал, олармен байланыста болғандар дәрігерлер бақылауына алынып, індет ошақтарына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 1640 адамға жетті. Жазылып шыққандар –1376 адам.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық ауруханасында 400 орындық инфекциялық стационар ашылатынын жазған едік.