#
#
Бейсенбі 16/07/2020

Атырауда коронавирустан көз жұмған науқас үйінде бір апта жатып қалған

  • 04.06.2020
  • 0
  • 328

Атырау облысында коронавирустан қайтыс болған екі адамның бірі үйінде бір апта жатып қалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы бүгін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті. 

«Коронавирус індетінен қайтыс болған науқастың бірі респираторлы белгілерімен ауырғаннан кейін облыстық аурухананың провизорлық бөлімшесіне медициналық жедел-жәрдем көмегімен жеткізілді. Ауыр жағдайда «екі жақты пневмония, жедел тыныс алу жетіспеушілігі» диагнозымен жатқызылған сырқатты дәрігерлер аман алып қала алмады. 

Ал, көз жұмған екінші адам бір апта бойы үйінде ауырған. Алғашқы үш күнде диарея белгілері, артынан жөтел, дене қызуының жоғарылауы, ентігу, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі белгілері пайда болған. Кеуде клеткасының КТ зерттеуі жасалды. Өкпе тінінің зақымдалу көлемі 50% құрады. Ауруханаға түскен кезден бастап науқас ВРАР режимінде мұрын арқылы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды»,- деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар