18 сәу, 2020 сағат 09:03

Атырауда «КамАЗ» аударылып, 26 тонна мұнай төгілді

Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнының территориясында «КамАЗ» көлігі аударылып, 26 тонна мұнай төгілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, қоршаған ортаға келген зиянның мөлшерін анықтау үшін тексеру басталды. 

«КамАЗ» көлігі «ЕМГ СтройСервис-Атырау» ЖШС-ға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.