Атырау облысында бір жасар 2 бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырауда бір тәулікте 17 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталған.
«Індет жұқтырғандардың екеуі — Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшысы. Ал, 14 адам – Атырау қаласының тұрғыны. Олардың арасында бір жастағы 2 бала бар. Тағы бір жағдай Жылыой ауданында анықталды. Науқастардың бәрі инфекциялық ауруханаға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазір Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1379 адамға жетті. Жазылып шыққандар – 1015 адам.
Еске сала кетелік, Атырауда карантиндік шектеу қайта күшейтілді.