25 қар, 2022 сағат 13:15

Атырауда 9 келіге жуық марихуана сақтаған күдікті ұсталды


Атыраулық полицейлер 9 келіге жуық марихуана сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтаған 49 жастағы күдіктіні анықтады.

Сараптама қорытындысына сәйкес, 206 дана полиэтилен қапқа салынған салмағы 8 кг 867 грамм зат кептірілген марихуана екендігі расталды.

Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру басталды" - делінген хабарламада.