29 сәу, 2020 сағат 06:45

Атырау облысында Ресейге баратын жол қайта жаңғыртылып жатыр

Роман Скляр және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданына барды. Мұнда вице–премьер республикалық маңызы бар «Ақтөбе ‒ Атырау ‒ РФ шекарасы» автожолы құрылысының барысын тексерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысымен танысып, «Ақтөбе ‒ Атырау ‒ РФ шекарасы» автомобиль жолының қайта құру учаскесіне барды. 

Олардың әрқайсысында мердігерлік ұйымдардың басшылары тұрақты жұмыс барысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары туралы баяндады.

Жолдың жалпы ұзындығы 893 шақырым. Оның ішінде 545 шақырым жол Атырау облысының аумағынан өтеді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 432 км қайта жаңартылады (330-598 км Атырау ‒ Ақтөбе, 616-893 км Атырау ‒ Астрахань РФ). Жол құрылысы жұмыстары екі бағытта жүргізілуде.

Вице-премьер нысанды тексеруді қорытындылай келе, құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтау бойынша міндеттер жүктеді.