Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін Байтолла Ғазизов Міндетті медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры болып істеген.
Қазір өңірлік басқарма басшысы қызметінің міндетін атқару орынбасар Гүлнафис Танбаева жүктелді.