Режиссер Владимир Меньшов коронавирус салдарынан қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости "Мосфильм" сайтына сілтеме жасап.
"Бүгін Мосфильм" киноконцерні және Владимир Меньшовтың отбасы Владимир Валентиновичтің қайтыс болғаны туралы хабар берді. Көрнекті кеңестік және ресейлік кинорежиссер, актер, сценарист, продюсер, "Мосфильмнің" басқарма мүшесі 82 жасында коронавирус инфекциясының салдарынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.
"Мосфильм" ұжымы Владимир Валентиновичтің әріптестеріне, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.