«Қайрат» командасының ардагері, Қазақстан футболының аңыз тұлғасы Тимур Санжарұлы Сегізбаев 77 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қаралы хабар футбол клубының Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.
«Алматылық Қайрат командасының академияларының біріне Тимур Сегізбаевтың аты берілгенін барлығымыз білеміз. «Қайрат» клубы аты аңызға айналған футболшының отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Тимур Сегізбаев біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады», - деді парақшасында.
Т.Сегізбаев «Қайрат» құрамында 12 маусымды өткізген. 200 астам матч ойнаған.
1964 жылы Кеңес одағы чемпионатында мәскеулік Спартактың қақпасына екі рет гол салып, көпшіліктің есінде қалды.
КСРО спорт шебері, Қазақ КСР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, ҚР Олимпиада Ұлттық комитеті Ордені иегері Тимур Сегізбаев 1973, 1986 жылдары «Қайрат» командасының жаттықтырушысы болған.