Тегі италиялық француз дизайнері Пьер Карден 98 жасында өмірден озды, деп хабарлайды BBC агенттігі.
Париждің маңында қайтыс болған Карден сән әлемінің революционерлерінің бірі ретінде танылған еді. Сондай-ақ оның «көпіршік көйлегі» сонау 1954 жылдың өзінде тарихта қалған болатын.
Ол сонымен қатар сән бизнесінің ізашары болды: бірқатар өнімдерге өз атын беріп, олардан бренд жасап шықты.
Le Monde газетінің жазуынша, Карден 1922 жылы 2 шілдеде Италияның Тревизо қаласына жақын Сан-Бьадио-ди-Каллальтада дүниеге келген.
Ол Францияда тігіншінің шәкірті болып жұмыс істеп жүріп білім алған.
1940 жылдары Пьер Карден «Christian Dior» компаниясының киім тігу ательесін басқарады, ал 1950 жылы өзінің сән үйін ашады.
Ол өз ісінің үздігі еді – «көпіршікті көйлектерді» ойлап тапты, «прет-а-порте» тұжырымдамасын құрды, бірінші болып ерлер коллекциясын ұсынды және «унисекс» стилінің негізін қалады.
Карден Францияда және шетелде бірқатар беделді марапаттарға ие болды, соның ішінде: Құрметті легион, Өнер және әдебиет, Италияның «Ерен еңбегі үшін» ордендері бар.