06 мам, 2026 сағат 15:03

Астанадағы LRT стансасында өрт шықты

Фото: Видеодан скриншот

Астанада Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орналасқан LRT стансаларының бірінде өрт тіркелді, деп хабарлайды Ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде тұтанған. Станса аумағында пластик құбырлар мен оқшаулағыш материалдар жанып, тілсіз жау шамамен 20 шаршы метр аумақты қамтыған.

Оқиға орнына жеткен мамандар келген сәтте жалынның сөндірілгенін анықтады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себептері анықталып жатыр.