Фото: temirnews.kz
Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжановтың қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Полицияның
мәліметінше, 1983 жылы туған ер адамның өлімі бойынша барлық мән-жай анықталып
жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.
Облыс әкімдігінің
хабарлауынша, Қуанышбек Серікжанов 4 мамыр күні қызметінен кету туралы өтініш
жазып, 5 мамырда ресми түрде жұмыстан босатылған.
Ол 2014 жылдан
бері мемлекеттік қызметте еңбек еткен. 2023 жылдың мамырынан бастап Кеңқияқ
ауылдық округі әкімінің орынбасары, ал сол жылдың қазан айынан әкім қызметін
атқарған.
Айта кетейік,
бұған дейін өңірде осындай оқиғалар тіркелгені хабарланған.
