Видеодан алынған кадр
Ақтауда кәсіпорын қызметкері кеңсеге сырттай қару мен гранатаға ұқсас заттар алып келген. Оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болды. Кадрларда полиция қызметкері күмәнді зат салынған сөмкені тексеріп жатқаны көрінеді. Ал видеоға берген түсініктемеде ол “Интергаз Орталық Азия” АҚ қызметкеріне тиесілі екені айтылған, деп хабарлайды Ult.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 сәуірде болған. Ақтау қалалық полициясына кәсіпорын аумағында гранатаға ұқсас зат ұстаған ер адам жүргені туралы хабар түскен.
Жедел жеткен полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, ер адамның сол кәсіпорынның қызметкері екенін анықтаған. Оның жанынан сырттай қару мен гранатаға ұқсайтын бірнеше зат табылған.
Кейін сараптама нәтижесінде бұл заттардың нақты қару емес, пиротехникалық бұйымдар мен пейнтболға арналған жабдық екені белгілі болды. Заңмен тыйым салынған ештеңе анықталмаған.
Алайда ер адамның мас күйде болғаны белгілі болып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған есірткі заттарын медициналық мақсаттан тыс қолданғаны үшін 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеру жалғасып жатыр.
