28 сәу, 2020 сағат 20:33

Астанада кәсіпорын көліктерінің қозғалысына рұқсат алу автоматтандырылды

Нұр-Сұлтанда шағын және орта бизнес өкілдері үшін көлік қозғалысына өтінім беру автоматтандырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өтінімді msb.iqala.kz порталына компьютер немесе ноутбук арқылы ғана бере аласыз. Заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет. Сондай-ақ мынадай минималды мәліметтер жиынтығы қажет: ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жүргізушінің / жолаушының ЖСН-ы, автокөліктің тіркеу нөмірі, байланыс телефоны, электрондық поштасы және қозғалыс мақсаты», – делінген әкімдік хабарламасында. 

Портал арқылы бір компания үш өтінімге дейін бере алады. Олардың әрқайсында төрт автокөліктен көп емес және әр автокөліке он қызметке дейін мәлімет беруге болады. Өтініштер қалалық жедел штабта қаралып, «Сергек» жүйесіне жіберіледі. 

«Сергек» жүйесінен мәлімет алынғаннан кейін өтініш берушінің электрондық поштасына өтінішті қарау нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі. «iQala» қалалық қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету және автоматтандыру мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда iqala.kz порталында Нұр-Сұлтан қаласының түрлі ұйымдарының жеке және заңды тұлғаларына арналған 129 қызмет түрі қолжетімді», - деді әкімдіктен.