09 қар, 2022 сағат 12:28

Астанада ер адам бірге тұратын әйелдің көлігін өртеп жіберді


Астанада ер адам бірге тұратын әйелдің көлігін өртеп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Қала тұрғыны полицияға оның Honda Logo автокөлігін бірге тұратын жігітінің өртеп жібергені туралы арыз түсірген.

"Тергеу барысында қылмысқа 31 жастағы ер адамның қатысы бар екендігі белгілі болды. Жәбірленушінің жақында бірге тұратын ерімен қатты ұрысып қалғаны анықталды. Жанжал кезінде ер адам пәтердегі жиһаздар мен техниканы бүлдірген. Орын алған жәйттан кейін ол тынышталмай, әйелдің Әл-Фараби көшесінде тұрған көлігін өртеген. Бұл әрекеттен кейін ер адам әйелге оған тиесілі көлікті қасақана өртеп жібергенін жазып, хабарлама жіберген.

Әйел бірден полицияға жүгінді" - делінген хабарламада.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берген.