29 қыр, 2020 сағат 21:50

Astana Pro Team велоклубынан Джиро д'Италия көпкүндігіне кімдер қатысады

Қазақстандық «Astana Pro Team» велоклубының халықаралық Джиро д'Италия көпкүндігіне қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жөнінде велоклубтың сайтында жарияланды. Велотурнир 3-25 қазан күндері Италияда өтеді. 

Аталған жарыста қазақстандық велоклуб сапында Якоб Фульсанг, Александр Власов, Мигель Анхель Лопес, Юрий Натаров, Мануэле Боаро, Фабио Феллине, Вадим Пронский және Оскар Родригес сынға түсетін болды. 

Жарыстың спорт директорлары қызметін Александр Шефер, Джузеппе Мартинелли, Бруно Ченьялта атқарады. 

Халықаралық турнир 1909 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырыады. Жылма-жыл ол мамыр айында өткізіліп жүрді. Биыл коронавирус инфекциясына байланысты оны өткізу мерзімі кейінге шегерілді.