2020 жылғы еурокубок ойындарының соңғы матчтарынан кейін УЕФА-ның ресми сайты клубтар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Тізімді «Бавария» (122.000 ұпай), «Барселона» (116,000) және «Ювентус» (113,000) бастап тұр.
Қазақстандық клубтар арасында ең үздігі - «Астана», 63-орын (22,500).
Сондай-ақ рейтингіге «Қайрат» енді (6,000) — 191-орын.
Еске салайық, рейтинг еурокубоктардың соңғы 5 маусымындағы нәтижелері бойынша түзіледі.
Көш басындағы ТОП-10 клуб:
1. «Бавария» — 122.000 ұпай
2. «Барселона» — 116,000
3. «Ювентус» — 113,000
4. «Реал» — 112,000
5. «Атлетико» — 110,000
6. «Манчестер Сити» — 105,000
7. ПСЖ — 101,000
8. «Манчестер Юнайтед» — 97,000
9. «Севилья» — 92,000
10. «Ливерпуль» — 90,000