#
#
Cәрсенбі 12/08/2020

Астана күніне орай медицина қызметкерлері мен БАҚ өкілдері марапатталды

  • 03.07.2020
  • 0
  • 424

Ақмола облысының əкімі Ермек Маржықпаев астана күніне орай медицина қызметкерлері мен БАҚ өкілдерін ҚР мемлекеттік наградаларымен марапаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, облыстық әкімдікте өткен шарада аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қазақстандықтар үшін маңызды мереке саналатын астана күнімен барша ақмолалықтарды құттықтап, елорданың қалыптасуы мен дамуына жəне өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді. Сондай-ақ, пандемия кезінде алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері мен БАҚ өкілдерін ҚР мемлекеттік наградаларымен марапаттады.

«Қазір әлемдік қауымдастықтың алдында маңызды міндет тұр. Коронавирус пандемиясы миллиондаған адамның денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл қиын уақытта сіздер осы дертпен күрестің алдыңғы қатарында жүрсіздер. Күн сайын біздің өңірде вирустың таралуымен күресіп, азаматтарымыздың амандығын сақтап келесіздер. Өз кезегінде мемлекетіміз сіздерге үлкен қолдау көрсетіп жатыр», - деп атап өтті аймақ басшысы құттықтау сөзінде.

Олардың арасында Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Қасымжан Тәшметов «Парасат» орденімен, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкше» облыстық оңалту орталығының бас дәрігері Жұмабек Махашев, Бурабай ауданындағы «Бурабай» облыстық балаларды оңалту орталығының бас дәрігері Қалел Рахматулин «Құрмет» орденімен, Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бөлімше меңгерушісі Нұрлыбек Сейтенов пен дәрігері Лилия Высоцкая «Ерең еңбегі үшін» медалімен, Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың қызмет басшысы Саржан Қалмұратов, Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің аға мейірбикесі Роза Салықова «Шапағат» медалімен, Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің мейірбикелері Бақытжан Кенжеболатова мен Әйгерім Баймағамбетова, Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының аға мейірбикесі Ақмарал Ысқақова Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталды.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық «Көкше» телеарнасы директорының орынбасары Берік Әбділманов және осы телеарнаның шеф-редакторы Мәдина Смағұлова Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, ал «Көкшетау» қалалық газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар