Елордалық «Астана» футбол клубының Facebook парақшасына хакерлер шабуыл жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақпаратты агенттік тілшісіне клубтың баспасөз қызметі растады. Сонымен қатар клуб осы мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Құрметті жанкүйерлер! Өкінішке қарай, клубтың Facebook-тегі ресми тобы хакерлік шабуылға ұшырады.
Барлық жанкүйерлерден әлеуметтік желі әкімшілігі оны бұзылған деп анықтауы үшін Facebook тобындағы жаңалықтарға шағым жіберуді сұрайды.
Жақын арада біз клубтың Facebook-тегі жаңартылған парақшасы туралы хабарлаймыз. Ал оған дейін басқа әлеуметтік желілердегі парақшалардан жаңалықтарды оқи аласыздар», делінген клубтың ресми сайтында.