COVID-19-бен күресу мақсатында әскери медицина қызметкерлерін алшақтағы аудандарға жіберу қарастырылып жатыр. Өйткені, коронавирус індетінің жаңа түрі кең таралуына байланысты, барлық медициналық мекемелерде орын жетпей, халықтың денсаулығы күрт күшейіп кеткен. Осыған орай, әскери бөлімдер мен мекемелер қажетті қорғаныс құралдарымен және медициналық мүлікпен қамтамасыз етіліп, эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Осы орайда, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери дәрігерлер азаматтық ұйымдарда қызмет атқаратын әріптестеріне көмекке келуге әзір екенін айтты. ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы полковник Әлбек Манабаевтың айтуынша, елдегі ахуалға байланысты әскери мамандарды да медициан саласында қызмет етуге күш жұмылдыру керек. Әсіресе, әскери госпитальдардағы әскери медицина мамандарының тапшылығы сезіліп отырған көрінеді.
«Біз әскери дәрігерлерді жан-жаққа қызмет етуге жіберуді жөн көріп отырмыз. Өйткені, өздеріңізге белгілі, Қорғаныс министрлігі еліміздің тыныштығын ғана емес, халықтың денсаулығына да қызмет етуге әзір. Сол себепті, бізге қарасыды дәрігерлері шеткі ауыл-аймақтардағы ағайынға көмектессін, алғашқы медициналық жәрдемді берсін деген мақсатпен осындай шешімге келіп отырмыз. Нәтижесін алдағы уақытта көре жатармыз. Қазір ең бастысы нәтиже емес, халықтың денсаулығы деп ойлаймын», - деді ол.
Биыл көктемде Алматы мен Нұр-Сұлтанда әскери госпитальдер бөлінсе, Елордадағы Бас әскери клиникалық госпиталі шілде айынан бастап коронавируспен сырқаттанғандарды емдеуді бастаған болатын.
«Алматы, Талдықорған және Үшаралдағы үш әскери-емдеу мекеме азаматтарды қабылдауға әзір. Аурудың ауыр ағымы бар науқастар келіп түскен жағдайға жансақтау бөлімшелер дайын. Олар өкпені жасанды желдету аппараттарымен, пульсоксиметрлермен, оттегі концентраторларымен және басқа да жабдықтармен жабдықталған», – дейді ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы полковник Әлбек Манабаев.
Ал Алматыдағы бас әскери клиникалық госпитальдің бөлім бастығы Мадияр Серікбаевтың айтуынша, коронавирус әскери қызметкерлерді де айналып өтпепті. Әскери құпия бойынша, неше жауынгердің ауырғандығы жария айтылмайд. Тек оларды және азаматтық тұрғындарды емдеуге Қорғаныс министрлігінің екі мыңға жуық медицина қызметкері тартылғаны белгілі.
«Біздің бас әскери клиникалық госпиталь провизорлық стационар ретінде жұмыс істеуде. Сондай-ақ 40 станцияда орналасқан жатақхана қызмет көрсетуде. Алматы, Талдықорған қаласында әскери госпитальдар короновирусқа шалдыққан науқастарды емдеу үшін қолданылуда. Біз ешкімді бөліп жармаймыз. Келген науқастарды жедел жәрдеммен жатқызамыз», - деді Алматыдағы бас әскери клиникалық госпитальдің бөлім бастығы Мадияр Серікбаев.
Осы орайда, айта кетейік, Санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың екі филиалы – «Астана» мен «Батыста» мамандардың саны артып, олардың құрамына эпидемиологтар, вирусологтар, бактериологтар мен зертханашылар енгізілді. Аягөз, Талдықорған, Сарыөзек және Семейдің әскери госпитальдарында қосымша төрт инфекциялық изолятор жұмыс істейді. Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі стационарлық ПТР-зертхана, сондай-ақ Ақтау мен Семейде ПТР-тестілеуді өткізу мүмкіндігі бар мобильді зертханалық кешендер жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, COVID-19-бен күресу мақсатында әскери медицина қызметкерлерін алшақтағы аудандарға жіберу қарастырылып жатыр. Осыған орай, әскери бөлімдер мен мекемелер қажетті қорғаныс құралдарымен және медициналық мүлікпен қамтамасыз етіліп, эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігі әскери дәрігерлер азаматтық ұйымдарда қызмет атқаратын әріптестеріне көмекке келуге әзір екенін айтты. Биыл көктемде Алматы мен Нұр-Сұлтанда әскери госпитальдер бөлінсе, Елордадағы Бас әскери клиникалық госпиталі шілде айынан бастап коронавируспен сырқаттанғандарды емдеуді бастаған болатын.