Алматыда Ashyq жобасына 2 332 нысан қатысуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы қаласы ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спикердің айтуынша, Қазақстан аумағында 10 932 бизнес субъектісі Ashyq жобасына тіркелді. Сондай-ақ 524 кәсіпкер өтінім берген. Қосымшаны 4 млн қазақстандық белсенді қолданады. Оның басым бөлігі – Алматы тұрғындары. Сарапшылар күніне шамамен 200 мың сканерлеуді есептейді.
«Бүгінде жоба Қазақстан бойынша «қызыл» мәртебесі бар 5 088 және «сары» мәртебесі бар 4 998 келушіні анықтады. Бұл 3 маусымдағы нәтижелермен салыстырғанда 3 107 келушіге көп. Жоба өз тиімділігін көрсетті. Әсіресе әуежайдағы жұмыс өнімді», – деді Салтанат Лесбаева.