15 там, 2022 сағат 18:38

Аршалыда 12 жастағы қызды зорлаған күдікті ұсталды - видео

©Sputnik / Максим Блинов

Полицейлер 12 жастағы қызды зорлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"13 тамызда Ақмола облысының Аршалы полиция бөлімшесіне кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі туралы арыз келіп түсті. 

Сол күні күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Полиция оның жеке басын анықтады, ол жергілікті тұрғын болып шықты" - делінген хабарламада.

Қажетті сараптамалар тағайындалған. Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.