14 там, 2022 сағат 21:34

Армияда қандай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі?


Қорғаныс министрлігі цифрландыру саласында 2011-2021 жылдар аралығындағы кезеңде жүргізген жұмыс белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды. Осы орайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасының бөлім бастығы, полковник Раушан Бейімбет армияда қандай мемлекеттік қызметтер көрсетілетіні туралы айтып берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Полковниктің айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер бойынша Қорғаныс министрлігі он жеті мемлекеттік қызмет көрсетеді.

«Атап айтқанда, оның ішінде жеңілдігі бар адамдарға, Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушыларына, Чернобыль салдарын жоюға қатысушыларға, интернационал жауынгерлерге анықтамалар беру, әскери қызметі өткерген растау туралы анықтамалар беру, әскерге шақырудан учаскелеріне тіркеу туралы әскерге шақырушы оларға классиктер беру, запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билет беру, Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына куәліктер беру, азаматтарды әскери теxникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау, тұрақты тұруға, Қазақстан Республикасының тысқары шығатын азаматтарға анықтамалар беру, әскери міндеттемелер мен әскери шақырушы оларды әскери есепке қою және одан шығару, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің қызметі тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою, әскерге шақырудан кейінге қалдыру, азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату, жеке және заңды тұлға Қорғаныс министрлігінің қызмет түрлерін ала алады», – дейді Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасының бөлім бастығы, полковник Раушан Бейімбет.

Оның айтуынша, аталған қызмет түрлерін электронды үкімет порталы және xалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ала алады. Сонымен қатар электронды үкімет порталы мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді.

«Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жылына бірнеше мемлекеттік қызмет көрсетеді. Нақты айтқанда, Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері осы жылы 223 080 мемлекеттік қызмет көрсетті. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру шеңберінде қазіргі уақытта біршама шаралар атқарылуда. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметтерді бұдан әрі оңтайландыру мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін бір активті форматта көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. Әрбір активті форматы бұл азаматтар өтінім білдірмесе де қызмет беруші тарапынан қызмет көрсетіледі», – дейді полковник Раушан Амангелдіқызы.

Сонымен қатар, полковник Қорғаныс министрлігі мен құрылымдық бөлімшелер көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын қалай бағалайтынын да тілге тиек етіп өтті.

«Өткен жылы мемлекеттік органын ішкі жеке және заңды тұлға тұлғалармен өзара іс қимылды блогының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бағыты бойынша аталған министрлік қызметін тиімділігін операциялық бағалаудан қорытындысы бойынша тоғызда қырық алты балды құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда жиырма алты балға жоғары. Бүгінгі күнде Әділет министрлігінің ақпарат жүйесіне өнеркәсіптік пайдаланылуға енгізгенге дейін Қорғаныс Министрлігінің Орталық мұрағаты бір қызметі әзірге қағаз түрінде көрсетеді. Цифрлық үкіметті қолдау орталығының мәліметі бойынша мұрағаттық анықтамалар мен мемлекеттік қызметін электронды форматқа көшіру келесі жылдың екінші тоқсанына жоспарлануда. Ол кезде жүз пайыз нәтижені көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады», – дейді полковник Раушан Бейімбет.

Айта кетейік,  Қорғаныс министрлігі цифрландыру саласында 2011-2021жылдары алдындағы кезеңде жүргізген жұмыс белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасының бөлім бастығы, полковник Раушан Бейімбет армияда қандай мемлекеттік қызметтер көрсетілетіні туралы айтып берген болатын. Оның айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер бойынша Қорғаныс министрлігі он жеті мемлекеттік қызмет көрсетеді.