12 там, 2020 сағат 12:02

Арменияда төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды

Арменияда коронавирус індетіне байланысты 2020 жылдың 16 наурызында жарияланған төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды. Мұндай шешім ел Үкіметінің кезектен тыс отырысында қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

Арменияда төтенше жағдай режимі бұған дейін бірнеше рет ұзартылған еді. Осы жолы тағы бір айға, яғни 11 қыркүйекке дейін, жергілікті уақытпен сағат 17:00-ге дейін ұзартылды. 

«Біз төтенше жағдайды тағы ұзартуымыз керек. Бұл соңғы рет болады деп үміттенеміз», - деді Армения премьер-мнинистрі Никол Пашинян.

Ол сондай-ақ осы жолғы төтенше жағдай біраз жеңілдейтінін айтты. 

Бұдан бөлек, осыған байланысты бүгін Ұлттық жиналыста кезектен тыс отырыс болатыны мәлім етілді.