Арменияда төтенше жағдай режимі тағы бір айға созылды. Мұндай шешім бейсенбі күні Армения үкіметінің отырысында қабылданды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Армения үкіметінің шешімі бойынша, елде төтенше жағдай режимі тағы бір айға – 13 маусымға дейін созылды. Шешімге сәйкес, коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіпті, ТЖ режимін жариялауға себеп болған жағдайлар әлі қалыпқа келтірілмеген.
Армения премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, үкімет бұған дейін алып тастаған шектеу шараларын қайта енгізбейді. Оның сөзінше, үкіметтің стратегиясы – тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыру, кей жағдайларда тіпті міндеттеу.
«Арменияда 1500 науқаста ауру белгілері байқалса, шектеу режиміне қайта оралуға мәжбүр боламыз. Қазіргі уақытта 600 пациент медициналық көмекке зәру», - деп атап өтті Никол Пашинян.