Арменияда коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны 145 мыңнан асты, өткен тәулікте 1174 жаңа жағдай анықталған, деп хабарлайды Арменияның Денсаулық сақтау министрлігі.
Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі ұлттық орталықтың мәліметінше, 10 желтоқсандағы жағдай бойынша 121 882 науқас сауығып, 20 336-сы ем алуда. Арменияда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 2 416-ға жетсе, оның 23-і соңғы тәулікте тіркелген. Бұдан бөлек, 606 науқас эпидемия кезінде басқа да себептерден қайтыс болған.
Естеріңізге сала кетейік, Арменияда коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурыздан 11 қыркүйекке дейін алты ай төтенше жағдай режимі болды. Үкімет шешімі бойынша, қыркүйектен бастап төтенше жағдай режимі 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін карантин режиміне ауыстырылған болатын.