15 мау, 2023 сағат 17:37

Арман Дәулетияров жаңа қызметке тағайындалды

Фото: ҚР Президентінің телерадиокешені

Белгілі медиа-менеджер Арман Дәулетияров ҚР Президентінің Телерадиокешені бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, Арман Дәулетияров - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Муз-ТВ арнасының экс-жетекшісі, кәсіпкер, психология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, медиа-менеджер, тележүргізуші, TEFI сыйлығының иегері.

Ол Қазақстан Республикасының "Құрмет", Ресей Федерациясының "Достық" ордендерімен марапатталған.