18 шіл, 2021 сағат 01:21

Аптап ыстық, жаңбыр, жел - жексенбіге арналған ауа райы


Жексенбіде елімізде жаңбыр жауып, тұман түседі, жел күшейеді. Батыс өңірлерле қатты ыстық болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 шілдеде циклонға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Тепк еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында күн райы ашық болуы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі. 

Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, тұман түседі. 

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, шаңды дауыл соғуы мүмкін, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары.