10 қыр, 2025 сағат 11:37

Apple iPhone 17 смартфонын таныстырды

Фото: Apple.com

Apple ұсынған жаңа құрылғының ең жұқа нұсқасы – iPhone 17 Air, оның қалыңдығы небәрі 5,6 мм, деп хабарлайды Ult.kz.

IPhone 17-нің бағасы 799 доллардан, iPhone Air – 999 доллардан, iPhone 17 Pro – 1099 доллардан және 17 Pro Max – 1199 доллардан басталады. 

Серия жаңа салқындату жүйесімен, eSIM технологиясымен және батареяны тиімді пайдалануға арналған функциямен жабдықталған.

Смартфондар 19 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.