10 қаз, 2022 сағат 14:17

Антикор өкілдері "Алматыэлектротранс" басшысына қатысты істің мән-жайын айтты

Фото: Bekmyrza Igenberdinov/ facebook.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері "АлматыЭлектроТранс" ЖШС бас директоры Бекмырза Игенбердиновке қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Агенттік мәліметінше, ведомствоның Алматы бойынша департаменті Игенбердиновтің кәсіпкерлік субъектісі өкілінен 150 мың доллар көлемінде пара алғанын, атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып, бұрын жасалған келісімдер бойынша ақша аударғанын әшкерелеген.

30 қыркүйекте оған қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 30 қыркүйекте Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Игенбердиновке қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау туралы өтінішті қанағаттандырғанын растады.

Еске салайық, бұған дейін "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры жұмыстан босатылғаны туралы хабарланған болатын.