07 жел, 2020 сағат 17:19

Антибиотиктер неге бактерияға қарсы тұра алмайды

Ресейлік микробиолог антибиотиктің неге бактерияға қарсы тұра алмай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«Коронавирустан көз жұмған науқастардың көпшілігі, COVID-19-дан емес, ауруханада жұқтырылған суперинфекциядан қайтып жатыр. Оның емі жоқ. Коронавируспен ауырған науқастардың бір ерекшелігі - олардың денесінде өте қауіпті суперинфект бактериялардың тез қалыптасуында. Сонымен қатар, бұл - дәрілерге тұрақтылығы жоғары, емдеу мүмкіндігі шектеулі штамдар. Біз оларды жиі анықтап жатырмыз», – дейді ресейлік микробиолог Константин Северинов.

Дәрігердің айтуынша, суперинфекцияның табиғаты вирустық емес, бактериялық. 

«Біз ұзақ уақыт бойы жасанды тыныс алу аппаратында болған адамдарда пайда болатын инфекциялар туралы айтып отырмыз. Олардың қоздырғышы – көк іріңді таяқша. COVID-19 жағдайында бұл әсіресе айқын көрінеді. Науқас адамдарға тыныс алу қоспасы беріледі, бұл іс жүзінде өкпені жасанды желдету болып табылады» дейді микробиолог. 

Егер аурухананың өзіндік патогендік микрофлорасы болса, демек ол тыныс алу жолдарына да енеді. 

Сонымен қатар, жасанды желдеткіште жатқан адамдар үнемі антибиотик қабылдайды. 

Жаппай, әсіресе эпидемияның алғашқы кезеңдерінде COVID-19-ды емдейтін «қызыл аймақта» тұрақты микробтардың үлесі артқан. Одан бөлек, ауруханадан тыс жерлерде де тұрақты микробтар жиі кездесуде.