Экологтар мен белсенділер Түркияның оңтүстігіндегі Анталья провинциясы Ибрады ауданында орман өрті шыққан аймақта жабайы жылқыларға азық беріп жатыр, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Экологтар жабайы жылқылар үшін жазық жерге 20 тонна жем-шөп қалдырған. Белсенділер Түркияның әр түкпірінен жануарлар үшін азық әкелуде.
Ибрады ауданынан орман өртіне байланысты жазық жерге түскен жабайы жылқылар жергілікті тұрғындар мен туристердің назарын өздеріне аударуда. Олар жануарларды суретке және видеоға түсуде.
Жабайы жылқылардың саны шамамен 1500-ді құрайды.
Жергілікті билік, орман шаруашылығы басқармасы мен қоршаған ортаны қорғау басқармасы жылқылар өрттен зардап шекпеуі үшін барын салуда.
Анадолы агенттігінің дрондары жабайы жылқыларды әуеден түсіріп алған. Кадрдан үйір-үйір жылқылар мен экологтардың жұмысын көруге болады.