06 қаң, 2020 сағат 17:15

Әнші Ердос Қанаевтың тұңғыш ұлы көз жұмды

«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаевтың үлкен ұлы көз жұмды. Суыт хабарды топтың продюсері Ерғали Әбдірайымов әлеуметтік желіде жеткізді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Айналайын Ердос бауырым! Абдурахим «періште» ұлыңды, Жаратқан Ием өз мейріміне алсын. Қайғыңа ортақтасып көңіл айтамын»  деп жазды Әбдірайымов инстаграмдағы парақшасында.

Жаназасы ертең сағат 14:00-де Бесағашта шығарылады деп хабарлаған.

Әншінің одан бөлек Диасыл және Ахмет есімді екі ұлы, Асылым есімді бір қызы бар.