Анкарада түбі бір түркі елдері тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанның Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Бақытжан Омаровтың айтуынша, аталған ұйымның ұйытқы болуымен ұйымдастырылған концерт Түркия Президенті симфониялық оркестрі залында өтті. Мәдени іс-шараға ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері, дипломатиялық миссияның басшылары қатысты.
«Алғашқы болып Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі Бейбіт Мұсаев қазақтың домбырасын күмбірлетті. Кейін ұлттық аспаптармен бауырлас елдердің танымал әндері орындалды. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстанның танымал дирижерлері онлайн форматта концерт беріп, көпшіліктің қошеметіне иеленді», - деді ол.