02 ақп, 2021 сағат 11:00

Англияда коронавирусқа жаппай тестілеу басталады

Англияда коронавирустың оңтүстік африкалық штаммының таралуын анықтау мақсатында «Есіктен есікке» әдісі бойынша халықты жаппай жедел тестілеу басталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Қазақстан Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия ақпаратына сәйкес, ғалымдар өткен жылдың қазан айында Оңтүстік Африкада алғаш рет анықталған коронавирустың жаңа штаммының вакциналарға сезімталдығы аз екендігін айтып, алаңдаушылық білдіруде. Сондай-ақ ол «қалыпты» Covid-19-бен ауырған адамдарға қайта жұғуы мүмкіндігі айтылуда. 

Лондондық Times басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Жапония үкіметі Олимпиада өткізуден бас тарту шешіміне жақын екендігін жазған. Бірақ қорытынды ұйғарым коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдайдың дамуына байланысты наурыз айының соңында қабылданбақ. Олимпиада көрерменсіз өтуі де мүмкін. Қазір Олимпиада 23 шілде - 8 тамыз аралығына жоспарланған және «Токио-2020» ресми атауы да сақталған. 

Ал Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің жарияланған мәліметтеріне сәйкес, вакцинаның екінші дозасын алған елдің 715 425 тұрғынының 317-сі немесе 0,04% коронавирус жұқтырған. Олардың тек 16-сы ауруханаға жатқызуды қажет еткен. Өткен жылы жүргізілген сынақтардан кейін Pfizer концерні өз препараттарының 92% қорғауды қамтамасыз ететіндігін айтқан болатын.