Британия антивирустық шараларды толығымен алып тастамақ. Бұл туралы BBC хабарлайды
Пандемияның басынан бері ғаламшардағы коронавирус жұқтырғандардың саны 187 млн адамға жетті. Осы уақыт аралығында вирустан 4 млн-нан аса адам көз жұмды. Бүгінгі күні әлем бойынша 3,4 млрд адам вакцина алған.
19 шілдеден бастап Англияда антивирустық шаралардың барлығына жуығын алып тастамақ. Британдық сарапшылар бұл шешімнің жұқтыру жағдайларының және ауруханаға түсетін науқастардың көбеюіне әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
«Ахуал бүгінгіден нашар болатыны анық, ең нашар ахуалдың қандай болатынан түсінбей отырмыз», - дейді Лафборо Университетінің деректерді талдау бойынша сарапшысы Данкан Робертсон.
«Бұл ядролық реактордан басқаратын тетіктерді алып тастаумен тең», - дейді Робертсон.
Британдық дәрігерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Чаанд Нагпол Англияның әлі де маңызды бөлігінің екпе алмағанын еске салып, шектеулерді алып тастаудың жағдайдың ушығуына әкеліп, денсаулық сақтау жүйесіне едәуір салмақ түсіруі мүмкін екенін ескертеді.