20 жел, 2020 сағат 16:16

Англия билігі Рождество кезінде шектеуді жеңілдетуден толықтай бас тартты

Ұлыбритания билігі Рождество мерекесі кезеңінде шектеу шараларын жеңілдетуге арналған жоспарынан толықтай бас тартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оған себеп — мемлекет ішінде коронавирустың жаңа штамының таралуы. Лондон, Уэльс, Шотландия және Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында 20 желтоқсан күні сағат 00.00-ден бастап 30 желтоқсанға дейін ең жоғары - төртінші деңгейдегі карантин енгізілді.

Елде барлық дүкендер (бірінші кезектегі тауарларды сатанын дүкендерді қоспағанда), сұлулық салондары мен спорт клубтары жабылуда.

Елдің премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, VUI-202012/01 деп аталған COVID-19-дың жаңа мутациясының таралу қарқыны өте жоғары. Бүгінгі күні Лондондағы COVID-19 жұқтырғандардың 60%-дан астамында осы ерекше штамм анықталған. 

Сонымен қатар, алдын ала мәліметтер бойынша, аталған мутация алдыңғы штамға қарағанда жұқпалылығы 70% жоғары болуы мүмкін.