Беларусь елінде өткен «Славян базары» халықаралық өнер байқауында 1-орын алған Әміренің продюсері Жан Мұқанов әншінің Төреғали секілді той әншісі болмайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Продюсер Әмірені Ресей телеарналарының бірінде өтетін шоуға сарапшы ретінде шақырылғанын атап өтті.
«20 жастағы жігіт не туралы айта алады? «Славян базарын» жеңген күннің өзінде ол автоматты түрде сарапшы бола алмайды. Жауап ретінде біз Әміренің «1 арнадағы» шоуға қатысушы ретінде бара алатынын айттық», - деді Мұқанов.
Қазақстандық әнші алдағы уақытта жаңа образбен өнер көрсетеді. Продюсері Әміренің жоспарлары туралы да баяндады.
«Оның жаңа образда, қазақстандық әншілер арасында жаңа стилі болады. Қандай да бір прототип жасағым келмейді. Оның той әншісі болғанын қаламаймын. Шынымды айтсам, оның қандай болуы керегін өзім де білмеймін», - деп жауап берді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін журналистер қойған сауалға.
«Әміре тойда ән айтатын әншінің санын біреуге арттырмай ма?» деген журналист сауалына Мұқанов былай деп жауап берді:
«Оның Төреғали сияқты болмайтынына уәде беремін. Төреғалимен бірге мүмкін болатынның бәрін жасадық. Ал бұл жолы формат басқаша. Таңертең той туралы хабарласты. Біз мұны талқылаған да жоқпыз. Дайын емеспіз, қазір ең бастысы той емес дедік. Қазақстандық артистер тойдан ғана ақша табатыны жасырын емес. Ал біз концерттен ақша табуға тырысамыз», - деп сөзін түйіндеді ол.
Еске сала кетсек, Жан Мұқанов отандық әнші Төреғали Төреәлінің де музыкалық проюдюсері болған еді.