19 жел, 2019 сағат 14:36

Американың Калифорния штатында 17 жастағы қыз ұшақты айдап әкетпек болған

Американың Калифорния штатындағы Фресно қаласында бойжеткен қыз винтті ұшақтың салонына жасырын кіріп кеткен. Ол ұшақты айдап әкетпек болды, деп хабарлайды NBC News.

«17 жастағы қыз таңғы 7:30-да техникалық қызмет көрсету ғимаратының дуалынан секіріп кірген. Ол King Air 200 ұшағының кабинасына кіріп, бір қозғалтқышты іске қосқан», - деді Фресно полиция бастығы Дрю Бессингер баспасөз конференциясында.

Кейіннен полицейлер ұшқыш кабинасында құлаққап тағып отырған қызды ұстады. Ол ешкіммен сөйлесупей қойған.

Бессингердің сөзінше, жасөспірімге ұшақты ұрлады деген айып тағылады. Полиция бұл әрекеттің себебін анықтауға тырысып жатыр, бірақ бойжеткеннің ішкі терроризмге қатысты ниеті болмаған сыңайлы.

Бойжеткен бір қозғалтқышты іске қосқандықтан ұшақ айнала бастаған, бірақ оны әуеге көтере алмай, жақындағы ғимарат пен дуалға соғылған.

Зардап шеккендер жоқ. Ұшаққа біршама зақым келді.