#
#
Сейсенбі 24/11/2020

Алып астероид 29 қараша Жерге жақындайды

  • 21.11.2020
  • 0
  • 125

Жерге 370-тен 820 метрге дейінгі 153201 (2000 WO107) астероид жақындап келеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" NASA Жер маңындағы нысандарды зерттеу орталығының сайтына сілтеме жасап.

Астероид 29 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00-де Жерге ең жақын қашықтыққа келеді. Астероид пен Жер арасындағы қашықтық 4 миллион км-ден асады, бұл Айға дейінгі қашықтықтан 11 есе көп, сондықтан ол планетамызға қауіп төндірмейді. Дегенмен ғалымдар астероидтың қауіптілігін жоққа шығармайды, өйткені ол Жер шарының орбитасынан кесіп өтеді. 

Спектрлік талдау көрсеткендей, қатты тасты дененің құрамында никель, темір және кобальт бар. 600 мың астероид туралы ақпарат жинақталған Asterank мәліметтер қорының бағалауынша, 2000 WO107-дегі пайдалы қазбалардың құны 17,4 миллиард долларға бағаланады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар