
Алматы облысының Қарасай ауданы аумағына орналасқан «Алтын Орда» әмбебап базарының тас жолы жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Карантин кезінде Райымбек-Алматы учаскесінің қозғалыс бөлігін кеңейтуге байланысты күрделі жөндеу жұмыстарына 117 адам мен 61 техника жұмылдырылған. Учаскеде коммуникацияларды тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылды. Жол-құрылыс материалдары дайындалды. Жыл соңына дейін жолдың толық бойында қозғалыс ашылып, жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті өтпелдері мен жасанды құрылымдардың құрылысы аяқталады деп жоспарланған», - деді Сайранбек Бармақов.
