Алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
9 қазанда түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
9 қазанда күндіз, 10 қазанда тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақболады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 жетеді.
9 қазанда күндіз, 10 қазанда тәулік бойы Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
9 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.
9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
9 қазан түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
9 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде түнде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.
9 қазанда түнде Шымкентте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Түркістан қаласында 9 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с күшті жел соғалды. Түнде 1-3 градус суық болады.